«О. Жандосов атындағы. ЖББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы Қазығұрт ауданының білім бөлімі
О. Жандосов мектебінің шығу тарихы.
1934 жылы қазіргі Кезеңбұлақ елді мекенінде, бұрынғы Крупская атындағы мектеп қазақ бастауыш мектебі болып ашылған, аудан көлемінде ата-анасы, асыраушысы жоқ жетім балалар интернатта жатып оқыған. Бұл мектепке аудан орталығында тұратын және көршілес « Айнатас» колхоз балалары келіп оқыған. Осы жылдары Үкіметтің «Халықты жаппай сауаттандыру» -туралы қаулысы шыққан. Ол «Лепкез» ( ликвидациф негромотност ). Осы қаулыға лайық, колхозда жұмыс істеп жүрген ересек еркектермен әйелдер түгелімен күніне 2- сағаттық сауат ашу үшін оқуға тартылды.Колхозда істейтін жастар жасына қарамастан тегіс хат тану үшін мектеп оқушыларды 8 жастан 18 жас аралығында 1-кластан бірге оқытылған, сол кезде мектеп меңгерушісі Жамалбеков Қырықбай жұбайымен бірге жұмыс атқарған,және Сүйерқұлов Нәлібай, Дәрменбаев деген мұғалімдер жұмыс істеген.Крупская колхозы 1937 жылы келес өзенінің күн шығыс жағалауына әзіргі салынған ескерткіш орналасқан жерге қоныс аударған.Сол жылы Крупская бастауыш мектебі салынып іске қосылған.Қазақстанда 1928 жылға дейін арап әріпімен 1928 жылдан 1940 жылға дейін латын әріпімен, ал 1940 жылдан бастап орыс әріпімен оқытыла бастаған. Метеп оқушыларды айдарханов Сынабай , Әмір есімді мұғалім жұбайымен жұмыс істеген.
1961 жылы Ленин ауланы Крупская колхозы Келес өзенінің күн шығыс жағалауынан, қазіргі Кезеңбұлақ елді мекеніне қоныс аударған. Соң 1962 жылы Крупская атындағы бастауыш мектебі салынып, жұмысқа кіріскен, мектеп меңгерушісі болып Шәдходжаев Рысбай жұбайы Қарашаш екеуі 1965 жылға дейін жұмыс атқарған.Ал 1965 жылдан 1986 жыл аралығында Жайынова Ұғылай Крупская бастауыш мектебінде меңгеруші болып жұмы істеген. 1980-1982ж аудандық Советтің депутаты,«Еңбек ардагері» медальінің иегері. 1991жылы зейнеткелікке шыққан. Осы жылдары мектепте. Дүйсенбаева Күләш, Төлебаева Тасбике,Кенжебаева Ләззат, Төлебаева Назипа, Өскенбаева Закира, Бахрамова Нүрия жұмыс істеген.
1987 жылы Тамыз айынан бастап Ізбасарова Оңласын мектеп меңгерушісі болып 1992 жылға дейін жұмыс істеген. Осы оқу жылында О. Жандосов атындағы орталау мектебімен біріктірілген .Ленин ауданы Ленин селоснда орналасқан В.И. Ленин атындағы орта мектепке оқушылар сыймауына байланысты Аудандық Совет шешімі 1991жылы 10 қаңтардан бастап Пмк-127 мекемесінің әкімшілік ғимаратында В.И Ленин атындағы орта мектептің бөлімшесі болып ашылды.Ал 1991жылы Тамыздан бастап аудандық Советтің шешімімен ПМК-127 мекемесі ғимаратында О. Жандосов атындағы орталау мектеп болып қайта ашылды.Мектептің алғашқы директоры болып, Қалмұрзаев Әмірсейіт,мектеп директорының орынбасары болып Кенжебаев Арал тағайындалды.9-класс ашылып онда 233 оқушыға сабақ берген мұғалімдер.
Қалмұрзаев Ә Оразымбетова А Наженова С Айтубаева Б Асханова М Мүсіров А Кенжаева А Ақынбекова А
Досқұлова А Орынбаева Ү Айдарқұлова А Жүсіпова Ұ
Сейдазимова А Мырзахметова Б Рахманқұлова Р Өсербаева С
Бекботаева Ж Смайлова С Ерназарбекова Х Оразбекова Р
Таушаева Г
1992 жылы тамыз айының мектеп директоры Бағысбаев Қарсыбек , мектеп директорының орынбасарына Көпжасаров Егізбай тағайындалған. Осы оқу жылында Крупская атындағы бастауыш мектебі О.Жандосов атындағы орталау мектеппен біріктірілді. Сол уақытта бастауыш мектепте істеген мұғалімдер
Әбілқасымова С Қыпшақбаева З
Ізбасарова О Сейітова Ә
1993 жылы тамыз айында мектеп директорының орынбасары болып Мүсіров Асырау тағайындалды.1994жылы 09 желтоқсан айынан бастап мектеп директоры Бағысбаев Қарсыбек аудан әкімі апаратына қызметке ауыстырылды.1995 жылы қаңтар айынан мектеп директоры болып Төреқұлов кеңес тағайындалды. Мектеп оқушыларын оқыту,а сынып бөлмелері жетіспеуінебайланысты.ПМК-127 мекемесінің қарамағандағы бос қалған балалар бақшасы ғимаратына көшірілді.
1997жылы маусым айында Үкіметтің оңтайландыру саясаты бойынша Қазығұрт ауданы әкімінің 11.09.1997ж №656 шешіміне аудандық білім бөлімінің 12.08.1997ж №47 бұйрығына сай О.Жандосов атындағы орталау мектебі бастауыш мектепке айналды. 5-9 сынып оқушылары және мектеп мүлкі В.И Ленин және ,Қ Сатбаев атындағы орта мектептерге бөліп жіберілді.
Қазығұрт аудан әкімінің 01.09.1998 ж № 394 шешіміне орай О.Жандосов атындағы бастауыш мектебі О. Жандосов атындағы орталау мектебі болып қайта ашылды.Мектеп директоры Бағысбаев Қарсыбек директор орынбасарына Мүсіров Асырау тағайындалды.Қазақстан Республикасының Әділет Министірлігі Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасы заңды тұлғаға мемлекеттік тіркеуі 2000ж.11.07 жүргізіліп №13674-1956мм куәлігі беріліп «О.Жандосов атындағы орталау мектебі»-
мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.2001 жылы қазан айында Таушаев Бахадір мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлығына тағайындалды.
Қазіргі таңда мектеп 18сынып бір дайындық тобында барлығы 450
оқушы тартылған,оларға мына төмендегі ұстаздар сабақ берді.
Бағысбай Қ Қалмұрзаева Ә Сәрсенбаева Г Ізбасарова Б Жанысбекова Ұ
Жанаева Р Мүсіров А Қалдыбеков А Қуанышев Б Дауылбаев Н
Тасболатова Ф Смайлов С Таушаев Б Жәдігерова З Мауленова А
Мауленов М Кенжебаев А Ізбасарова О Ерназарбекова Х Райымова Г
Байсүгірова Г Мәдібеков М Жүсіпова Ұ Тілепбаева А Бегемқұлова Н
Жантасова Р Мырзашева М Айтубаева Б Мырзабек С Әбишева М
Муталиева Р Медеуова А Қыпшақбаева З Әбдірахманова П Олжабаева Ж
Бейсенова А Әбишева Г Наурызбаева Г Жартыбаева К
Акрамов А Бағысбай м Шолтаева Н
1 Бағысбаева Қарсыбек Жақыпбекұлы 20.04.1950 Қаратас ауданы Шарапхана ауылында дүниеге келген. Еңбек жолында 1971 жылы «В.И Лениннің туылғанына 100 жыл толуы»-мерекелік медальмен әскери еңбектегі ерен ерлігі үшін марапатталған,ал 1990ж аудан көлеміндегі мектептерде «Алғашқы әскери дайындық» - пән сабағын жүргізуде ауданның ауа райы болжамына ыңғайластырып жасаған еңбегі үшін аудандық халыққа білім беру бөлімінің мақтау грамотасымен және 2001 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10-жыл толуы қарсаңында Елбасы Президентіміздің «Алғыс»- хатымен марапатталады.
2 Қалмұрзаев Әмірсейіт Қалмұрзаұлы 10.05.1948ж Ленин ауданы, Ленин колхозының Крупская ауылында дүниеге келен.Еңбек жолында 1978 жылы Білім министірлігі мен Кәсіподақ Орталық Комитетінің социалистік жарыс үздігі белгісімен,1985 жылы Қазақ ССР Оқу министірлігі «Қазақ ССР халық ағарту» ісінің озық қызметкерлері значогімен,1990 Қазақ ССР халыққа білім беру министірлігінің құрмет громотасымен 2001 жылы Облыстық Кәсіподақ Кеңесі білім беру қызметкері комитетінің «Алғыс» хатымен сол сияқты Аудандық білім беру қызметкерлері Кәсіподақ ұйымының 1982-1985 жылдары құрмет громатасымен марапвтталған.2002 жылы қазан айында «Кәсіподаққа еңбегі сінген қызметкер» кеудеше белгісімен марапатталды.
3 Ерназарбекова Хатира 1996ж наурыз айында Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында қазақ тілі ,әдебиеті пәні бойынша « Дәстүрлі емес сабақ » түрін көрсеткені үшін аты аталған институттың құрмет громатасымен марапатталған.
2002жылы наурыз айында оқушыларының олимпиядасында Ерназарбекова Хатира жетекшілік жасаған.6-б сынып оқушысы Есболғанов Ғалымжан қазақ тілі ,әдебиеті пәні бойынша ІІ-орынды иеленген. Жүсіпова Ұлжан 1996жылы мамыр айында өткізілген аудандық «Жылдың үздіксынып жетекшісі» байқауында ІІ-орынға ие болды. Аудандық білім бөлімінің « Алғыс » хатымен, бағалы сыйлығымен Марапатталған.
Олжабаева Жанар2000жылы сәуір айында өткізілген аудандық «Жыл мұғалімі-2000» байқауында жүлделі ІІІ- орынды иеленген.Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталған. 2002 жыл мамыр айында өткізілген «Өркениетті ел өнерлі оқушы» атты аудандық байқауда Олжабаева Жанардың жетекшілігімен мектеп оқушылары жүлделі ІІІ-орынды иеленіп аудандық білім бөлімінің арнайы «Алғыс» хатымен марапатталған.
Муталиева Раймаш 2000жылы қазан айында өткізілген қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша аудан мұғалімдерінің олимпиядасында қатысып аудандық білім бөлімінің арнайы «Алғыс» хатымен марапатталған.
Әбдірахманова Перизат 2002жылы наурыз айында өткізілген аудандық «Жылдың Үздік сынып жетекшісі 2002» байқауында ІІІ- орын алған.
Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталған.
Бекемқұлова Несібелі 2002жылы сәуір айында «Жыл мұғалімі 2002» байқауында «Өнерлі ұстаз» номинатциясының иегері атанды.Аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталған.
Әбішева Гулдар Қошанқызы-2002 жылы тамыз маслихатында құнды баяндама жасағаны үшін аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен марапатталған.
О.Жандосов атындағы негізгі мектебі 2002 жыл 1маусым балаларды қорғау күні мерекесіне белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінің громотасымен марапатталады .(директорҚ Бағысбай)
Мектепте 42 мұғалім қызмет жасайды, оның ішінде :
6-мұғалім жоғары санат
7- мұғалім І-санат
12-мұғалім Іі-санат
17-мұғалім түрлі санат иегері.
Мектептің түрлі қосалқы жұмыстарын атқаратын техникалық жұмысшылар:
Досболов К Бағысбаева С Қалтұрсынов С Мырзашев Қ Құлжабаева Ә Полатова Д Әбдірахманова Г Оразалиева Т
Айтбаев Ү Әбділдаев Ә
2007 жылы желтоқсан айында мектеп директоры болып Телікбаев Бауыржан, болып Мусиров Асырау тағайындалды.
2011 жылы қаңтар айынан мектеп директоры болып Қарабаев Әсіл мектеп директорының орынбасары болып Мусиров Асырау тағайындалды.
Қазығұрт ауданының білім бөлімі


