Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«О. Жандосов атындағы. ЖББМ» КММ
Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі

МЕНЮ
" 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция күні"
Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты Ораз Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектебінде "30- тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні"мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп ұжымының қатысуымен мемлекеттік Әнұран шырқалды.
 
 
 
 
 
    
 
 
О.Жандосов атындағы жббм 2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай "Білімім-Отаныма" атты салтанатты іс-шара 
 Фото1111.jpg
 
 
 
 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай іс-шара
 1_мамыр_-_Қазақстан_Халықтарының_бірлігі_күніне_орай.jpg
  
Choco day өзін-өзі басқару ұйымының іс-шарасы
 
 Безымянный.jpg
  
Алтын жүрек Республикалық челленджі
 
 Алтын_жүрек_Республикалық_челленджі1.jpg
 
 Бұрымды қыз челленджі
 
 Бурынды_кыз.jpg
 
 
Ұлы Жеңіске 80 жыл толуына орай салтанатты іс-шара
 
 Женіс.jpg
 
 
Не үшін кітап оқу керек дөңгелек үстел
 
 Без.jpg
 
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай челлендж
 
 
Жаңа дәуір басталды, -ол цифрлы дәуір
 
 
 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы

«О. Жандосов атындағы жалпы білім беретін мектеп» информатика пәнінің мұғалімі

Калдыбеков Аскарбек Сапаралиевич

ЖАҢА ҰРПАҚ

Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал

Информатика сабағында оқыту технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру

https://drive.google.com/file/d/1NZmrtppG011uzu-u6SboQyOOWHam4-eH/view?usp=drive_link

 

 

 

 Кеңейтілген алқа отырысы: білім беру мазмұнының сапасы, менеджмент, заманауи инфрақұрылым, балалардың қауіпсіздігі және экономика үшін кадрлар даярлау

 
Астанада педагогикалық және ата-аналар қауымдастығының, өңірлік білім басқармалары басшыларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сарапшылардың және саланың басқа да қызметкерлерінің қатысуымен ҚР Оқу – ағарту министрлігінің дәстүрлі алқа отырысы өтті.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өткен жылды қорытындылап, білім беру сапасын одан әрі арттырудың басым бағыттарын айқындап берді. Ол орта білім беру мазмұнының қайта қаралғанын, ал жаңа МЖМБС жобасына «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына енгізілген құндылықтар енгізілгенін атап өтті.
«Білім беру тәрбиемен тығыз байланысты. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың бойына құндылықтар жүйесін қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған алты негізгі жобаны қамтитын «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Бұл жұмыстың тиімділігі көп жағдайда сынып жетекшілеріне байланысты. Сондықтан оны мол тәжірибесі бар білікті ұстаздардың орындауы маңызды. Тәрбие бағдарламасының тұжырымдамалық негіздерін ескере отырып, педагогтердің сынып жетекшілігіне деген көзқарасын түбегейлі қайта қарау керек», - деді Ғани Бейсембаев.
Ведомство басшысы елімізде білім беру сапасын бағалаудың өзіндік ұлттық жүйесі қалыптасқанын атап өтті. ББЖМ қазақстандық бағалау құралы RCEC сараптама және сертификаттау ғылыми-зерттеу орталығында халықаралық деңгейде танылды, осылайша Қазақстан Орталық Азиядағы білім беру сапасын бағалау жүйесі бойынша аккредиттеуден өткен жалғыз елге айналды.
«Министрлік педагогтің үздіксіз кәсіби даму процесі ретінде біліктілікті арттыру парадигмасын қайта қарады. Барлық рәсім «Ұстаз» ұлттық платформасында автоматтандырылған. Биыл алғаш рет платформада 88 мыңнан астам модератор мен сарапшыны аттестаттаудан өткізу жоспарлануда», - деді министр.
2024 жылы бірден екі педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағына ие болды. Бұл - еліміздің педагогтерінің еңбегіне Президент тарапынан берілген жоғары баға мен құрмет, артылған зор сенім.
Сонымен қатар министр «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын бұзу фактілеріне алаңдаушылық білдірді.
«Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттер заң  бұзушылықтардың 120 жағдайын тіркеді. Атап айтқанда, Семей қаласында мұғалімдерді тиесілі емес функцияларға тарту соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырды. Өңірлердің басшылығын заңды қатаң сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға шақырамын», – деді Ғани Бейсембаев.
Елімізде 7 мыңнан астам мемлекеттік мектеп жұмыс істейді. 2023 жылдан бастап жаңа форматтағы басқарушыларды даярлау үшін «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы іске асырылуда. Қазірдің өзінде республикалық кадр резервіне 583 кандидат алынды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басты міндеті болып қала береді. 2024 жылы заңға кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін және отбасын қолдауға бағытталған түзетулер енгізілді. Сондай-ақ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілеттіктері кеңейтілді. Биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-да Қазақстанның осы саладағы реформалары жоғары бағаға ие болды.  
«Біз инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуды жалғастырамыз. 2025 жылға қарай психологиялық-педагогикалық қолдауға 100% қолжетімділікті қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. «Бөбек» ұлттық ғылыми практикалық орталығы мен Ұлттық инклюзивті білім беру орталығын трансформациялау басталды. Қазан айында Қазақстан алғаш рет Инклюзия бойынша дүниежүзілік конгресті қабылдайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Білім беру сапасындағы алшақтықты азайту үшін қалалық және ауылдық мектептер арасында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы іске асырылуда. Ол материалдық-техникалық базаны жаңғыртуға, жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған.
«2024 жыл білім беру инфрақұрылымы үшін маңызды кезең болды. Тәуелсіздік тарихында алғаш рет мектептердің рекордтық саны салынды. 2023 жылы 165 мектеп қолданысқа берілді, 2024 жылы 257 мектеп бой көтерді, оның 105-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды. Оларды тиімді басқару үшін Министрлік бірыңғай жүйе әзірледі», - деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Процестерді цифрландыру және автоматтандыру қазіргі білім беру ортасының маңызды бөлігі болып табылады. Министрлік «SMART ОҚУ АҒАРТУ» жобасын іске қосты. Ол цифрлық білім берудің бірыңғай экожүйесін құрып, оқытудың сапасын арттырады, оқыту процестерінің барлық қатысушылары үшін білім беру ресурстары мен қызметтеріне қолжетімділікті жеңілдетеді.
Starlink терминалдарын енгізу есебінен сапалы интернет тартылған мектептердің үлесі 2022 жылғы 19%-дан 2024 жылы 95%-ға дейін, яғни 3 есеге ұлғайды.
«Жыл басынан бері мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыруды өңірлерге таратуға кірістік.  Білім басқармаларының басшылары өңірде ваучерлік қаржыландыруды уақытылы әрі сапалы енгізу үшін жағдай жасауы қажет. Ұлттық білім беру дерекқорымен интеграциялау қаржыландырудың жаңа моделіне жылдам көшуді қамтамасыз етеді» - деді министр.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында техникалық және кәсіптік оқытуды трансформациялау міндетін қойды. Өткен жылдан бастап министрлік әкімдіктермен бірлесіп колледждерге толық инвентаризация жұмыстарын жүргізді. Өңірдің барлық индустриялық жобаларын, жұмыспен қамту карталарын ескере отырып, кадрларды даярлаудың бейіндік бағыттары айқындалды.
Сөз соңында министр азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауға тоқталды. Ол педагогтер үшін өздерінің құқытарының қорғалғанын, ал олардың қызметіне қатысты шешім қабылдауда объективтілік пен заңның сақталуы маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ алқа отырысында ғалымдар, педагогтер, ата-аналар, сараптамалық және бизнес-қоғамдастық өкілдері сөз сөйледі. Олардың қатарында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қарамбаев, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мұстафа Сарвар және т. б. бар.  https://www.facebook.com/share/1Fc9bB9ety/?mibextid=wwXIfr
 
© 2025 «О. Жандосов атындағы. ЖББМ» КММ Түркістан облысының білім басқармасы

Қазығұрт ауданының білім бөлімі